Бірінші қолдану, Əркүндік қолдану – Electrolux EWG147410W Uživatelská příručka

Stránka 34

Advertising
background image

ұсынатын кірдің деңгейін көрсететін

белгіше пайда болады:

• Қарқынды

• Қалыпты/Күнделікті

• Жеңіл/Жылдам

• Супер жылдам

7.5: Бала қауіпсіздігінің құралы

Бұл құрал жұмыс істеп тұрған

құрылғыны қараусыз қалдыра беруге

мүмкіндік береді.

ДЫБЫСТЫҚ СИГНАЛДАР
Машина төмендегі жағдайларда

дыбыстық сигнал беретін құралмен

жабдықталған:

• циклдың соңында

• егер ақаулық болса.

Дыбыстық сигнал 4 жəне 5

түймешіктерін шамамен 6 секунд қатар

басқанда ажырайды (ақаулық болған

жағдайды қоспағанда). Осы 2

түймешікті қайта басу арқылы

дыбыстық сигналды қайтадан іске

қосуға болады.

БАЛА ҚАУІПСІЗДІГІ ҚҰЛПЫ
Бұл құрал машинаны балалар

жарақаттанады не құрылғыға нұқсан

келтіреді деп алаңдамай, машинаны

қараусыз қалдыра беруге мүмкіндік

береді. Бұл функция сонымен қатар кір

жуғыш машина жұмыс істемей тұрған

кезде де қосулы тұрады.

Бұл параметрді орнатудың екі түрлі

тəсілі бар:

1. Мына 8 түймешікті баспай тұрып

машинаны іске қосу мүмкін емес.

2. Мына 8 түймешікті басқаннан кейін

басқа ешқандай бағдарламаны не

параметрді өзгерту мүмкін емес.

Осы функцияны қосу немесе ажырату

үшін шамамен 6 секунд 5 жəне 6
түймешіктерін белгішесі бейнебеттен

көрінбей кеткенше басыңыз.

БІРІНШІ ҚОЛДАНУ

• Машинаның электр желісі мен су

жүйесіне "орнату туралы

нұсқауларға" сай қосылғандығын

тексеріңіз.

• Барабан ішінен полистирол блогы

жəне басқа да материалдардың

барлығын алыңыз.

• Жуғыш зат үлестіргішінің негізгі

жуу циклына арналған бөліміне

, ECO клапанын іске қосу үшін

2 литр су құйыңыз. Содан кейін

мақта мата циклын ең үлкен

температураға қойып, барабан

мен машина ішіндегі өндіріс

қалдықтарын тазалау үшін, оған

кір салмай іске қосыңыз. Негізгі

жуу циклына арналған үлестіргіш

қорапшаға жуғыш заттың 1/2

мөлшерін салыңыз да, машинаны

іске қосыңыз.

ƏРКҮНДІК ҚОЛДАНУ

Кірді салыңыз

Есікті тұтқасынан ұстап еппен сыртқа

қарай тартып ашыңыз. Кірді барабанға

бір-бірлеп, барынша сілки отырып

салыңыз. Есікті жабыңыз.

Тығыздағыш пен есіктің арасына ешбір

кір қыстырылып қалмағанына көз

жеткізіңіз. Су ағуы немесе кірге нұқсан

келуі мүмкін.

Жуғыш зат пен мата жұмсартқышты

өлшеп алыңыз

Үлестіргіш қорапшасын сыртқа қарай

тоқтағанынша тартып шығарыңыз.

Жуғыш затты қажетті мөлшерде өлшеп

алыңыз да, негізгі жуу цикліне арналған
қорапшаға не таңдалған бағдарлама/

34 electrolux

Advertising