Electrolux EWG147410W Uživatelská příručka
Stránka 51
2. Қуат сымы мен су төгетін түтікті
құрылғының арт жағындағы түтікше
ұстағыштан алыңыз.
3. Үш шегенің үшеуін де ағытып
алыңыз.
1
2
4. Пластик нығыздағыштарды да
алыңыз.
5. Үстіңгі кішірек тесік пен екі үлкен
тесікті, нұсқаулық кітапшасы
салынған қалтадағы пластик
тығындармен тығындаңыз.
ОРНАЛАСТЫРУ
Машинаны тегіс қатты еденнің үстіне
орналастырыңыз. Кілем не еден
сүртетін шүберек т.с. заттар машина
айналасында ауа еркін айналуға кедергі
жасамай тұрғандығын тексеріңіз.
Машинаның қабырға не ас үй
жиһаздарының біріне тиіп
тұрмағандығына көз жеткізіңіз.
Машинаны сирақтарын көтеру не төмен
түсіру арқылы тіктеп қойыңыз. Сирақтар
арнайы бекіткіш тетік арқылы
құрастырылғандықтан қатты
қатайтылған болуы мүмкін, бірақ
машинаны МІНДЕТТІ ТҮРДЕ тіктеп,
орнықты етіп орнату қажет. Қажет
болса, деңгейді ватерпас көмегімен
тексеріп көріңіз. Қажетті түзетулерді
гайка кілтінің көмегімен жүзеге асыруға
болады.
electrolux 51