Electrolux EWG147410W Uživatelská příručka
Stránka 36
жыпылықтайды да, бейнебетте Err
жазуы бірнеше секунд пайда болып
тұрады.
Жуу бағдарламалары мен
функцияларының өзара
үйлесімділігі туралы ақпаратты
«Жуу бағдарламалары» тарауынан
алыңыз.
КЕШІКТІРІП БАСТАУ ФУНКЦИЯСЫН 6
ТҮЙМЕШІГІН БАСЫП ТАҢДАҢЫЗ
Бағдарламаны бастамай тұрып
кешіктіріп бастау функциясын қосқыңыз
келсе, қажетті кідіртіп бастау уақытын 6
түймешігін қайта-қайта басып таңдаңыз.
Тиісті сигнал шамы жанады.
Кешіктіріп бастау уақытының мəні(ең
көбі 20 сағатқа дейін) бейнебетте
бірнеше секунд көрсетіліп тұрады да,
содан соң бағдарламаның ұзақтығы
қайта пайда болады.
Бұл функцияны бағдарламаны орнатып
болып, 8 түймешігін баспай тұрып
таңдаңыз.
Кешіктіріп бастау уақытын кез келген
уақытта, 8 түймешігін баспай тұрып
біржола тоқтатуға не өзгертуге болады.
Кешіктіріп бастау функциясын таңдау:
1. Бағдарлама мен қажетті
параметрлерді таңдаңыз.
2. Кешіктіріп бастау функциясын 6
түймешігін басып таңдаңыз.
3. 8 түймешігін басыңыз:
– машина сағат сайын кеміп
отыратын кері санақты бастайды.
– Кешіктіріп бастау уақыты
аяқталған соң бағдарлама
басталады.
8 түймешігін басқан соң кешіктіріп
бастауды болдырмау:
1. 8 түймешігін басу арқылы кір жуғыш
машинаны ҮЗІЛІСКЕ қойыңыз.
2. 6 түймешігін бейнебетте 0’ пайда
болғанша бір рет басыңыз
3. Бағдарламаны бастау үшін 8
түймешігін қайта басыңыз.
Өте маңызды! Таңдалған кешіктіріп
бастау уақытын тек жуу бағдарламасын
қайта таңдап болған соң ғана өзгертуге
болады.
Кешіктіріп бастау функциясын САРҚУ
бағдарламасымен бірге таңдауға
болмайды.
БАҒДАРЛАМАНЫ 8 ТҮЙМЕШІГІН
БАСЫП БАСТАҢЫЗ
Таңдалған бағдарламаны бастау үшін 8
түймешігін басыңыз, 8 түймешігінің
жасыл шамы жыпылықтауын тоқтатады.
Орындалып тұрған бағдарламаны
үзіліске қою үшін 8 түймешігін басыңыз:
жасыл шам жыпылықтай бастайды.
Бағдарламаны үзілген жерінен əрі
қарай жалғастыру үшін 8 түймешігін
қайта басыңыз. Кешіктіріп бастау
функциясы таңдалған жағдайда
машина кері санақты бастайды. Теріс
параметр таңдалған жағдайда қызыл
шам (8 түймешігінің) 3 рет жыпылықтап,
Err жазуы бірнеше секунд көрсетіледі.
ТАЙМЕРДІ 10 ТҮЙМЕШІГІН БАСЫП
ТАҢДАҢЫЗ
Осы түймешіктерді қайта-қайта басу
арқылы жуу циклінің ұзақтығын созып
не азайтуға болады. Бейнебетте кірдің
деңгейін көрсететін белгіше пайда
болып, кірдің таңдалған деңгейін
көрсетеді. Бұл функция тек Мақта мата,
Синтетика жəне Нəзік мата
бағдарламаларында ғана бар.
Жуу
циклының
түрі
Кірдің
деңге
йін
көрсе
ту
белгі
шесі
Матаның түрі
Қарқынды
Қатты кірлеген
заттар үшін
Қалыпты
Қалыпты кірлеген
заттар үшін
Күнделікті
Күнделікті
кірлейтін заттар
үшін
Жеңіл
Шамалы кірлеген
заттар үшін
Жылдам
Жеңіл - желпі
кірлеген заттар
үшін
Өте жылдам
1)
Аз ғана уақыт
киілген немесе
ұсталған заттар
үшін
1) Машинаға салынатын кірдің мөлшерін
азайтуды ұсынамыз («Жуу бағдарламалары
кестесін» қараңыз).
36 electrolux