Electrolux EWG147410W Uživatelská příručka
Stránka 35
параметрге сай тиісті қорапшаға
салыңыз(қосымша ақпаратты "Жуғыш
зат үлестіргіші" тарауынан алыңыз).
Қажет болса, мата жұмсартқышты
таңбаламасы бар қорапшаға
құйыңыз(қорапшадағы "MAX" белгісінен
асырмаңыз). Қорапшаны еппен
жабыңыз.
ҚАЖЕТТІ БАҒДАРЛАМАНЫ
БАҒДАРЛАМА ТАҢДАҒЫШ
ТҮЙМЕШЕ(1) АРҚЫЛЫ ТАҢДАҢЫЗ.
Бағдарламаны таңдайтын түймешені
қажетті бағдарламаға дейін бұраңыз.
Кір жуғыш машина температураны
ұсынып, таңдаған бағдарламаңыз үшін
максимум айналдыру жылдамдығын
автоматты түрде таңдайды. Бұл
параметрлерді тиісті түймешіктерді
басу арқылы өзгертуіңізге болады. 8
түймешігінің жасыл сигнал шамы
жыпылықтай бастайды.
Таңдағыш түймешені сағат бағыты
бойынша не сағат бағытына қарсы
бұрауға болады. Бағдарламаны
бастапқы қалпына қайтару/машинаны
өшіру үшін түймешені қалпына
қойыңыз.
Машинаны сөндіру үшін
бағдарламаның соңында бағдарлама
таңдау тетігін қалпына қою керек.
Сақтандыру туралы ескерту!
Машина жұмыс істеп тұрған кезде
бағдарламаны таңдайтын
түймешені басқа бағдарламаға
əкеліп қойсаңыз, 8 түймешігінің
қызыл шамы 3 жыпылықтайды
да,бейнебетте Err жазуы пайда
болып, таңдаудың теріс екендігін
білдіреді. Машина жаңадан
таңдалған бағдарламаны
орындамайды.
ТЕМПЕРАТУРАНЫ 2 ТҮЙМЕШІГІН
БАСЫП ТАҢДАҢЫЗ.
Бағдарлама таңдалған кезде машина
автоматты түрде əдетте ұсынылатын
температураны ұсынады.
Егер кірді ұсынылған температурадан
басқа температурада жуғыңыз келсе,
осы түймешікті қайта-қайта басып
температураны жоғарлатыңыз не
төмендетіңіз.
АЙНАЛДЫРУ ЖЫЛДАМДЫҒЫН 3
ТҮЙМЕШІГІН БАСУ АРҚЫЛЫ
АЗАЙТЫҢЫЗ
Бағдарламаны таңдаған кезде машина
осы бағдарлама үшін тағайындалған
максимум айналдыру жылдамдығын
автоматты түрде ұсынады.
Егер кірді басқа жылдамдықта
айналдырып жуғыңыз келсе, 3
түймешігін қайта-қайта басып
айналдыру жылдамдығын өзгертіңіз.
Тиісті шам жанады.
3, 4 ЖƏНЕ 5 ТҮЙМЕШІКТЕРІН БАСЫП
МАШИНА ЖАДЫНДА БАР
ФУНКЦИЯЛАРДЫҢ БІРІН ТАҢДАҢЫЗ.
Бағдарламаның қай түрінің
таңдалғандығына байланысты 8
түймешігін баспай тұрып, əртүрлі
функцияларды біріктіріп алуға болады.
Функцияны таңдаған кезде тиісті сигнал
шамы жанады.
Теріс параметр таңдалған жағдайда, 8
түймешігінің қызыл сигнал шамы 3 рет
electrolux 35