Electrolux EWG147410W Uživatelská příručka

Stránka 31

Advertising
background image

Электртоғына қосу

Назарыңызда болсын! Өрт шығу

жəне электр қатеріне ұшырау қаупі

бар.

• Құрылғыны міндетті түрде жерге

тұйықтау қажет.

• Техникалық ақпарат

тақтайшасындағы электр

параметрлерінің электр желісіндегі

параметрлерге сай келетініне көз

жеткізіңіз. Сай келмесе, электршіге

хабарласыңыз.

• Əрқашан дұрыс орнатылған, қатерден

сақтандырылған розетканы

қолданыңыз.

• Көп тармақты адаптерлер мен

ұзартқыш сымдарды қолданбаңыз.

• Құрылғының ашасына жəне сымына

зақым келтірмеңіз. Зақым келген

электр сымын ауыстырту үшін қызмет

көрсету орталығына немесе

электршіге хабарласыңыз.

• Құрылғының ашасын розеткаға тек

құрылғыны орнатып болғаннан кейін

ғана жалғаңыз. Орнатып болғаннан

кейін ашаның қол жететін жерде

тұрғанына көз жеткізіңіз.

• Құрылғыны тоқтан ажырату үшін

сымынан тартпаңыз. Əрқашан

ашасынан тартып суырыңыз.

• Қорек сымын немесе ашасын су

қолмен ұстамаңыз.

• Бұл құрылғы E.E.C. ережелеріне сай

келеді.

Суға қосу
• Су қосылымы түтіктеріне ешбір зақым

келтірмеңіз.

• Құрылғыны жаңа түтіктер жинағын

пайдаланып, су жүйесіне қосу керек.

Ескі түтіктерді қайта пайдалануға

болмайды.

• Құрылғыны жаңа құбырларға немесе

ұзақ уақыт қолданылмаған

құбырларға жалғамай тұрып, суын

тазарғанша ағызыңыз.

• Құрылғыны алғаш рет қолданған

кезде еш жерінен су ақпай тұрғанына

көз жеткізіңіз.

ҚОЛДАНЫЛУЫ

Назарыңызда болсын! Жарақат

алу, электр қатері, күйіп қалу жəне

өрт қаупі, құрылғыны бүлдіріп алу

қаупі бар.

• Бұл тұрмыста қолдануға арналған

құрылғы.

• Жуғыш заттың орамында көрсетілетін

нұсқауларды орындаңыз.

• Тұтанғыш заттарды немесе ішіне

тұтанғыш зат салынған дымқыл

заттарды құрылғының ішіне, қасына

немесе үстіне қоймаңыз.

• Бағдарлама жұмыс істеп тұрған кезде

есіктің шынысына қол тигізбеңіз.

Шыны ыстық болуы мүмкін.

• Кірдегі темір заттардың барлығының

алынғанына көз жеткізіңіз.

• Құрылғының астына ағып кетуі мүмкін

суды құю үшін сауыт қоймаңыз.

Қолданылатын керек-жарақтың түрін

Қызмет көрсету орталығына

хабарласып біліңіз.

КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ

Назарыңызда болсын! Жарақат

алу немесе құрылғыны бүлдіріп алу

қаупі бар.

• Құрылғыны тазалау үшін сулы

спрейді жəне буды қолданбаңыз.

• Құрылғыны дымқыл, жұмсақ

шүберекпен тазалаңыз. Тек бейтарап

тазартқыш заттарды қолданыңыз.

Жеміргіш заттарды, түрпілі жөкені,

еріткіштерді немесе темір заттарды

пайдаланбаңыз.

ҚҰРЫЛҒЫНЫ ТАСТАУ

Назарыңызда болсын! Жарақат

алу немесе тұншығып қалу қаупі

бар.

• Құрылғыны тоқтан ажыратыңыз.

• Қуат сымын кесіп алыңыз да, қоқысқа

тастаңыз.

• Балалар мен жануарлар құрылғыға

қамалып қалмас үшін есіктің

бекітпесін алыңыз.

electrolux 31

Advertising