Electrolux EWG147410W Uživatelská příručka

Stránka 50

Advertising
background image

Ақаулық

Ықтимал себебі/Шешімі

Кір жуғыш машина іске қосылмайды:

Есік жабылған жоқ.

• Есікті нығыздап жабыңыз.

Қуат ашасы розеткаға дұрыс сұғылмаған.

• Ашаны розеткаға сұғыңыз.

Розеткада электр қуаты жоқ.

• Үйдегі электр желісін тексеріңіз.

Негізгі сақтандырғыш жанып кеткен.

• Сақтандырғышты ауыстырыңыз.

Бағдарлама таңдау тетігі дұрыс қалыпқа

қойылмаған жəне 8 түймешігі басылмаған.

• Таңдау тетігін бұраңыз да, 8 түймешігін

қайтадан басыңыз.

Кешіктіріп бастау функциясы таңдалған.

• Кірді дереу жуу қажет болса, кешіктіріп

бастау функциясын біржола тоқтатыңыз.

БАЛА ҚАУІПСІЗДІГІ ҚҰРАЛЫ іске қосылған.

• Бұл құралды ажыратыңыз.

Машинаға су құйылмай тұр:

Су құятын шүмек жабық.

• Су құятын шүмекті ашыңыз.

Су құятын түтік бұратылып немесе
жаншылып қалған.

• Су құятын түтіктің қосылымын тексеріңіз.

Су құятын түтіктегі немесе оның
клапанындағы сүзгі бітеліп қалған.

• Су құятын түтіктегі сүзгілерді тазалаңыз

(Қосымша ақпаратты "Су құятын түтіктегі

сүзгілерді тазалау" тарауынан қараңыз).

Есік дұрыс жабылған жоқ.

• Есікті нығыздап жабыңыз.

Машинаға су құйылады да, дереу ағып

кетеді:

Су төгетін түтіктің ұшы тым төмен

орналасқан.

• «Суды төгу» бөліміндегі тиісті тармақты

қараңыз.

Машинаның суы төгілмейді жəне/не ол

айналмайды:

Су төгетін түтік қысылып немесе бұратылып
қалған.

• Суды төгетін түтік қосылымын тексеріңіз.

Су төгетін түтіктегі сүзгі бітеліп қалған.

• Су төгетін түтіктегі сүзгіні тазалаңыз.

Аяқталғанда су əлі де машина ішінде

қалатын немесе айналдыру циклдары

орындалмайтын функция не бағдарлама

таңдалған.

• Бұл параметрді ажыратыңыз.

• Суды төгу не айналдыру бағдарламасын

таңдаңыз.

Кір барабанның ішіне біркелкі таратылып

салынбаған.

• Кірді таратып салыңыз.

50 electrolux

Advertising