Electrolux EWG147410W Uživatelská příručka

Stránka 48

Advertising
background image

6. Сорғының тағаны мен қалағындағы

бөгде заттар мен қыл-қыбырды

алып тастаңыз.

Сорғы қалағының айналатын-

айналмайтынын тексеріңіз (ол

жұлқи айналады). Егер ол

айналмаса, қызмет көрсету

орталығына хабарласыңыз.

7. Қақпақты төтенше жағдайда суды

төгу үшін пайдаланылатын түтікке

қайта салып, түтікті орнына

қойыңыз.

8. Сүзгіні сорғыдағы орнына, тиісті

бағыттағыштарға дəл келтіре

отырып салыңыз. Сорғының

қақпағын сағат тілінің бағыты

бойынша қатайтып бұраңыз.

1

2

Назарыңызда болсын!

Құрылғы іске қосулы тұрғанда,

таңдалған бағдарламаға қарай сорғыда

ыстық су болуы мүмкін.

Жуу циклі кезінде сорғының қақпағын

ешқашан алмаңыз, əрқашан

құрылғының циклді аяқтап, судан бос

болуын күтіңіз. Сорғының қақпағын

орнына салған кезде оны, су ағып жəне

кішкентай балалар бұрап алмау үшін

мықтап бұраңыз.

СУ ҚҰЯТЫН ТҮТІКШЕДЕГІ СҮЗГІЛЕРДІ

ТАЗАЛАУ
Машинаға су құюға ұзақ уақыт кетіп

жатқанын байқасаңыз, су құятын

түтікшедегі сүзгінің бітелген-

бітелмегенін тексеріп алыңыз.

1. Су құятын шүмекті жабыңыз.

2. Су құятын түтікшені бұрап ағытып

алыңыз.

3. Түтікшедегі сүзгіні қатты қылдан

жасалған шөткемен тазалаңыз.

4. Түтікшені шүмекке бұрап бекітіп

қойыңыз.

5. Түтікшені машинадан ағытып

алыңыз. Су ағып кетуі мүмкін, еден

сүрткіш дайын тұрсын.

6. Клапандағы сүзгіні қатты шөткемен

немесе шүберектің қиқымымен

тазалаңыз.

7. Түтікшені машинаға қайта бұраңыз

да, берік жалғанғанын тексеріңіз.

8. Су құятын шүмекті ашыңыз.

48 electrolux

Advertising