Electrolux EWG147410W Uživatelská příručka
Stránka 51
Ақаулық
Ықтимал себебі/Шешімі
Еденге су аққан:
Жуғыш зат тым көп не жарамайтын жуғыш
зат (тым көп көбік пайда болады)
қолданылған.
• Жуғыш заттың мөлшерін азйтыңыз не
басқа жуғыш затты пайдаланыңыз.
Су құятын түтіктің жалғастырғыштарының
бірінен су ақпай тұрғанын тексеріңіз. Су
түтік арқылы төмен қарай ағатындықтан,
мұны көру оңай бола бермейді; оның
дымқыл болмауын тексеріңіз.
• Су құятын түтік қосылымын тексеріңіз.
Су төгетін түтік бүлінген.
• Оның орнына жаңасын салыңыз.
Төтенше жағдайда су төгуге арналған
түтіктің қақпағы орнына қойылмаған немесе
тазалағаннан кейін сүзгі өз орнына дұрыс
бұрап салынбаған.
• Төтенше жағдайға арналған түтіктің
қақпағын жабыңыз немесе сүзгіні түбіне
дейін бұраңыз.
Жуу нəтижесі қанағаттанғысыз:
Жуғыш зат өте аз немесе мүлде жарамсыз
жуғыш зат қолданылған.
• Жуғыш заттың мөлшерін көбейтіңіз не
басқа жуғыш затты пайдаланыңыз.
Қатып қалған дақтар кірді жумай тұрып
алдын ала кетірілмеген.
• Қатып қалған дақтарды кетіру үшін
дүкенде сатылатын заттарды
пайдаланыңыз.
Температура дұрыс таңдалмаған.
• Температураны дұрыс таңдаған-
таңдамағаныңызды тексеріңіз.
Кірдің салмағы шамадан артық.
• Барабанға кірді азырақ салыңыз.
Есік ашылмайды:
Бағдарлама əлі жұмыс істеп тұр.
• Жуу циклы аяқталғанша күтіңіз.
Есіктің бұғаты ағытылған жоқ.
• Сигнал 9 шамы сөнгенше күтіңіз.
Барабанның ішінде су бар.
• Суды төгу үшін төгу не айналдыру
бағдарламасын таңдаңыз.
Машина дірілдейді не қатты шуыл
шығарады:
Тасымалдау бұрандалары мен орам
материалдары алынбаған.
• Құрылғының дұрыс орнатылғанын
тексеріңіз.
Тіреуіш аяқтары реттелмеген
• Құрылғының дұрыс тіктеп
орнатылғандығын тексеріңіз.
Кір барабанның ішіне біркелкі таратылып
салынбаған.
• Кірді таратып салыңыз.
Барабандағы кірдің көлемі тым аз болуы
мүмкін.
• Кірді көбірек салыңыз.
electrolux 51