Ақаулықты түзету – Electrolux EWG147410W Uživatelská příručka
Stránka 49
МҰЗДАП ҚАЛУДЫҢ АЛДЫН АЛАТЫН
САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ
Егер машина температурасы 0°C төмен
түсіп кететін жерге орнатылса төмендегі
əрекеттерді орындаңыз:
1. судың шүмегін жабыңыз да, су
құятын түтікшені шүмектен ағытып
алыңыз;
2. тосын жағдайда суды сарқуға
арналған түтікшенің ұшы мен су
құятын түтікшенің ұшын еденге
қойылған шыныаяққа салып суын
əбден сарқып ағызыңыз.
3. қақпақшасын қайта жапқан соң
тосын жағдайда кір суды сарқуға
арналған түтікшені орнына қойыңыз
да, су құятын түтікшені өз орнына
бұрап салыңыз.
Осылайша, машинаның ішінде қалып
қоюы мүмкін суды ағызып, мұз қатып,
құрылғыға зиян келтіруге жол
бермейсіз.
Машинаны қайта пайдаланған кезде,
қоршаған орта температурасының 0°C
градустан жоғары екендігіне көз жеткізіп
алыңыз.
Өте маңызды! Суды тосын жағдайда
су сарқитын түтікше арқылы ағызған
кезде, əрқашан 2 литр суды жуғыш зат
үлестіргіштің негізгі жуу цикліне
арналған қорапшасына құйып, содан
соң сарқу бағдарламасын орындау
қажет. Бұл ЭКО тығырығын белсенді
күйге көшіреді де, жуғыш заттың
жартысының келесі жуу цикліне дейін
пайдаланылмай қалып қоюына жол
бермейді.
ТОСЫН ЖАҒДАЙДА СУДЫ САРҚУ
Егер су сарқылмаса, машинадағы суды
ағызу үшін төмендегі шараларды
орындаңыз:
1. ашаны розеткадан суырып алыңыз;
2. судың шүмегін жабыңыз;
3. қажет болса су суығанша күтіңіз;
4. шыныаяқты еденге қойыңыз да,
суды тосын жағдайда сарқуға
арналған түтікшенің ұшын соған
салыңыз. Оның қақпағын алыңыз.
Су шыныаяққа гравитациялық
екпінмен ағып құйылады. Шыныаяқ
толған кезде, түтікшенің қақпағын
жабыңыз. Шыныаяқтағы суды
төгіңіз. Бұл əрекетті су ақпай
қалғанша қайталаңыз;
5. қажет болса сорғышты осыған дейін
айтылып өткендегідей тазалаңыз;
6. суды тосын жағдайда сарқуға
арналған түтікшені орнына қойып
орналастырыңыз;
7. сорғыштың қақпағын қайта бұраңыз.
Өте маңызды! Суды тосын жағдайда
сарқитын түтікше арқылы ағызған кезде,
əрқашан 2 литр суды жуғыш зат
үлестіргіштің негізгі жуу қорапшасына
құйып, содан соң сарқу бағдарламасын
орындау қажет. Бұл ЭКО тығырығын
белсенді күйге көшіреді де, жуғыш
заттың жартысының келесі жуу цикліне
дейін пайдаланылмай қалып қоюына
жол бермейді.
АҚАУЛЫҚТЫ ТҮЗЕТУ
Кейбір мəселелер қарапайым жөндеу
жұмыстары орындалмағандықтан не
немқұрайлықтан туындайтындықтан,
оларды арнайы маманды шақырмай-ақ
оңай шешуге болады. Жергілікті қызмет
көрсету орталығына хабарласпас бұрын
төмендегі тексерулерді орындап
шығыңыз.
Құрылғы жұмыс істеп тұрғанда қызыл
сигнал шамы (8 түймешігінің)
жыпылықтап, бейнебетте келесі ескерту
кодтарының бірі көрсетіліп, дыбыстық
сигнал 20 секунд сайын қосылып
құрылғының жұмыс істемей тұрғанын
көрсетуі мүмкін:
•
: су құюға қатысты ақаулық.
•
: суды төгуге қатысты ақаулық.
•
: есік ашық.
Ақаулықты түзеткеннен кейін
бағдарламаны қайта бастау үшін 8
түймешігін басыңыз. Егер осының бəрін
тексергеннен кейін ақаулық түзелмесе,
жергілікті қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
electrolux 49