Electrolux EWG147410W Uživatelská příručka

Stránka 47

Advertising
background image

1. Барабандағы тотты тот баспайтын

болатқа арналған тазалағышпен

тазартыңыз.

2. Тазалағыш заттың қалдығын

арылту үшін жуу циклін ешбір зат

салмастан орындап шығыңыз.

Бағдарлама: Мақта матаға арналған

қысқа бағдарламаны максимум

температураға қойып, шамамен

мөлшерлегіш ыдыстың 1/4 бөлігіне

салынған жуғыш заттан салыңыз.

ЕСІК ТЫҒЫЗДАҒЫШЫ
Есіктің тығыздағышын мезгіл-мезгіл

тексеріп, оның қатпарларының арасына

тұрып қалуы мүмкін заттарды алып

қойыңыз.

СУ СОРҒЫ
Су сорғыны мезгіл-мезгіл тексеріңіз,

əсіресе:

• машинаның суы төгілмесе жəне/

немесе ол айналмаса;

• суды төккен кезде түйреуіш, тиын

жəне т.б. заттар сорғыны бітеп

тастаса, машинадан əдеттен тыс

шуыл шығады;

• су төгуге қатысты ақаулық орын алса

(қосымша ақпаратты “Не істерсіңіз,

егер...” тарауынан қараңыз).

Назарыңызда болсын! Сорғының

қақпағын ашар алдында құрылғыны

сөндіріп, ашасын розеткадан

суырыңыз.

Төмендегіні іске асырыңыз:

1. Құрылғыны тоқтан ажыратыңыз.

2. Қажет болса, су суығанша күтіңіз.

A

B

3. Төгілген суды құйып алу үшін

сауытты сорғыға жақын қойыңыз.

4. Төтенше жағдайда су төгуге

арналған түтікті (B) ағытып алыңыз,

оны сауытқа салып, қақпағын

ашыңыз

5. Су ағып болған кезде, сорғының

қақпағын (A) сағат тілінің бағытына

қарсы бұрап ағытып, сүзгіні алыңыз.

Қажет болса, тістеуікті қолданыңыз.

Қақпақты алған кезде ағуы мүмкін

суды сүртіп алу үшін шүберек

дайындап қойыңыз.

Сүзгіні ағып тұрған сумен жуып,

тұрып қалған қыл-қыбыр болса,

алып тастаңыз.

1

2

electrolux 47

Advertising