Пайдалы нұсқаулар менен кеңестер – Electrolux EWG147410W Uživatelská příručka

Stránka 40

Advertising
background image

ЕСІКТІ АШУ
Бағдарлама басталған соң (не

кешіктіріп бастау функциясы кезінде)

есік құлыпталып тұрады, оны ашқыңыз

келсе алдымен машинаны 8 түймешігін

басып ҮЗІЛІСКЕ қойыңыз.

Бірнеше минуттан соң 9 түймешігінің

сигнал шамы өшеді де, есікті аша

беруге болады.

Осы сигнал шамы жанған қалпы қалса,

бұл машинаның суды əлдеқашан ысыта

бастағанын не су деңгейінің тым жоғары

екендігін білдіреді. Есікті ешбір

жағдайда күшпен ашуға тырыспаңыз!

Есікті аша алмасаңыз, бірақ оны

міндетті түрде ашу қажет болса,

түймешені O қалпына қою арқылы

машинаны өшіріңіз. Бірнеше минуттан

соң есікті ашуға болады (судың

деңгейі мен температурасына назар

аударыңыз!.

Есікті жапқан соң, бағдарлама мен

функцияларды қайта таңдап, 8

түймешігін басу қажет.

БАҒДАРЛАМАНЫҢ СОҢЫ
Машина автоматты түрде тоқтайды.

Бейнебетте 0.00 жыпылықтайды да, 8

түймешігінің сигнал шамы сөнеді.

Кейбір дыбысты сигналдар естіледі.

Егер аяқталғанда барабанның ішінде су

қалатын бағдарлама немесе функция

таңдалса, есік құлыпталған қалпы

қалады да, алдымен машина ішіндегі

суды төгу қажеттігін ескертеді.

Барабан суды төгіп болғанша мезгіл-

мезгіл іске қосылып, суды төгіп

болғанша жұмыс істейді.

Суды төгу үшін төмендегі нұсқауларды

орындаңыз:

1. Бағдарлама таңдау тетігін O

қалпына қойыңыз.

2. Суды төгу немесе айналдыру

бағдарламасын таңдаңыз.

3. Қажет болса, айналдыру

жылдамдығын тиісті түймешікті

басып азайтыңыз.

4. Келесі түймешікті басыңыз: 8.

Бағдарламаның соңында есіктің құлпы

ашылады да, есікті аша беруге болады.

Құрылғыны сөндіру үшін бағдарлама

таңдау тетігін O қалпына қойыңыз.

Кірді машинадан алыңыз да,

барабанның бос екенін мұқият

тексеріңіз. Енді кір жумайтын болсаңыз,

су құятын шүмекті жабыңыз. Зең мен

жағымсыз иіс пайда болмас үшін есікті

ашық қалдырыңыз.

Күту режимі: бағдарлама аяқталғаннан

кейін бірнеше минуттан кейін қуатты

үнемдеу жүйесі іске қосылады.

Бейнебеттің жарықтылығы азаяды. Кез

келген түймешікті басу арқылы

құрылғыны қуат үнемдеу режимінен

шығаруға болады.

ПАЙДАЛЫ НҰСҚАУЛАР МЕНЕН КЕҢЕСТЕР

ЖУЫЛАТЫН КІРДІ СҰРЫПТАУ
Əрбір киімнің затбелгісіндегі жууға

қатысты белгішелерге мұқият назар

аударып, өндірушінің жууға қатысты

нұсқауларын орындаңыз. Киімді

төмендегідей сұрыптау керек: ақ, түрлі-

түсті, синтетика, нəзік мата, жүн тоқыма.

ДАҚТАРДЫ КЕТІРУ
Оңай кетпейтін дақтарды тек су мен

жуғыш зат арқылы кетіре алмауыңыз

мүмкін. Сондықтан да бұндай дақтарды

кірді жумай тұрып кетіріп алған дұрыс.

Қан: жаңа түскен дақты суық сумен

жуыңыз. Кеуіп кеткен дақтарды арнайы

жуғыш зат салынған суға салып түні

бойы жібітіңіз де, содан соң сабынды

суға салып ысқылаңыз.

Майлы сырдан қалған дақ: дақ

кетіргіш бензинмен жібітіңіз де, киімді

жұмсақ матаның үстіне қойып, дақты

сіңіріп алыңыз; осыны бірнеше рет

қайталаңыз.

Кеуіп қалған май

дақтары:скипидармен жібітіңіз де,

киімді жұмсақ заттың үстіне қойып,

мақтадан жасалған матаны даққа

қойып, оны саусағыңыздың ұшымен

басып сіңіріп алыңыз.

Тот:ыстық суға ерітілген қымыздық

қышқылы не суықтай пайдаланылатын

тот кетіргіш зат. Көнерген тот дақтарын

тазалағанда абай болыңыз, себебі

талшық құрылымына əлдеқашан нұқсан

келгендіктен мата тесіліп кетуге бейім

тұрады.

40 electrolux

Advertising