Басқару панелі – Electrolux EWG147410W Uživatelská příručka
Stránka 33
![background image](/manuals/381954/33/background.png)
ЖУҒЫШ ЗАТ ҮЛЕСТІРГІШІ
Алдын ала жуу жəне кірді жібіту
циклдары кезінде жуғыш зат
салынатын немесе дақты кетіру (егер
болса) циклы кезінде дақ кетіргіш
салынатын бөлімше. Алдын ала жууға
жəне кірді жібіту ге арналған жуғыш зат
жуу бағдарламасы басталған кезде
қосылады. Дақ кетіргіш зат дақты кетіру
барысында қосылады.
Негізгі жуу циклына арналған ұнтақ
немесе сұйық жуғыш зат салуға
арналған бөлімше. Егер сұйық жуғыш
зат қолдансаңыз, оны бағдарлама
басталарға сəл уақыт қалғанда
салыңыз.
Сұйық ұстемелерге арналған
бөлімше (мата жұмсартқыш, крахмал).
Бұл заттарды қолдану мөлшері
бойынша өндірушінің нұсқауларын
орындаңыз жəне оны жуғыш зат
үлестіргіштегі «MAX» таңбасынан
асырмай салыңыз. Кез келген мата
жұмсартқыш не крахмалдайтын
үстемелерді бөлімшеге жуу
бағдарламасын бастамай тұрып құю
керек.
БАЛА ҚАУІПСІЗДІГІНІҢ ҚҰРАЛЫ
Балалар мен үй жануарларының
барабанға кіруіне жол бермеңіз.
Балалар мен үй жануарлары
барабанның ішіне кіріп қамалып қалмас
үшін машина арнайы функциямен
жабдықталған. Бұл құралды іске қосу
үшін есіктің ішкі жағындағы түймешікті
ойығы көлденең қалыпқа келгенше
сағат тілінің бағытымен бұраңыз
(баспаңыз). Қажет болса тиынды
пайдаланыңыз.
Бұл құралды ажыратып, есікті қайтадан
жабылатындай қалыпқа келтіру үшін,
түймешікті ойығы тік қалыпқа келгенше
сағат тілінің бағытына қарсы бұраңыз.
БАСҚАРУ ПАНЕЛІ
Төменде басқару панелінің суреті берілген. Суретте бағдарламаны таңдайтын
түймеше, сондай-ақ түймешіктер мен сигнал шамдары, бейнебет көрсетілген.
Бұлар келесі беттерде тиісті нөмірлермен белгіленіп көрсетілген.
electrolux 33