Electrolux EWG147410W Uživatelská příručka
Stránka 46
орындаңыз. Бұл əк қағының жиналып
қалуынан сақтайды.
ƏРБІР ЖУУ ЦИКЛІ АЯҚТАЛҒАН СОҢ
Есікті біраз уақыт ашып қойыңыз. Бұл
құрылғының ішінде зең пайда болып не
борсық иіс тұрып қалудың алдын алуға
көмектеседі. Əрбір жуу циклі аяқталған
соң құрылғының есігін ашық қалдыру,
есіктің тығыздағышын қалыпты күйде
сақтауға көмектеседі.
ТАЗАЛАУ ҮШІН ЖУУ
Төмен температурадағы
бағдарламаларды пайдаланған кезде
барабанның ішіне қалдық жиналып
қалуы мүмкін.
Машинаны тазалау мақсатында жуу
бағдарламасын мезгіл-мезгіл орындап
отыруды ұсынамыз.
Жуу бағдарламасын машинаны тазалау
мақсатында орындау үшін:
• Барабанға ешбір кір салынбауға тиіс.
• Мақта матаны жууға арналған
бағдарламаны ең жоғарғы
температураға қойып таңдаңыз.
• Жуғыш затты қалыпты мөлшерде
пайдаланыңыз, ол биологиялық
қасиеті бар ұнтақ зат болуға тиіс.
СЫРТЫН ЖУУ
Құрылғының сырт жағын сабынды
сумен жуыңыз да, содан соң мұқият
құрғатыңыз.
Өте маңызды! Құрылғыны жуу үшін
метил спирті, еріткіштер не сол сияқты
заттарды пайдалануға болмайды.
ҮЛЕСТІРГІШ ҚОРАПШАСЫН
ТАЗАЛАУ
Жуғыш зат үлестіргіштің қорапшасын
мезгіл-мезгіл тазалап отыру қажет.
Жуғыш ұнтақ пен қоспалар
үлестіргішінің қорапшасын мезгіл-мезгіл
тазалап отыру қажет.
Қорапшаның ұстағышын төмен басып
тұрып сыртқа тартып шығарыңыз.
1
2
Оны су шүмегінің астына қойып тұрып,
ұнтақтың қандай да бір жиналып қалған
қалдығы болса оны шайып кетіріңіз.
Тазалық жасау оңай болу үшін қоспа
салынатын қорапшаның үстіңгі жағын
алып қою қажет. Барлығын суға салып
жуыңыз.
Үлестіргіш суырма тұратын камераны
шөткемен тазалаңыз.
ЖУҒЫШ БАРАБАН
Жуатын судың құрамындағы тот пайда
болдыратын заттар мен құрамында
темірі су құбырының суы, барабан
ішінің тот басуына себеп болуы мүмкін.
Өте маңызды! Барабанды құрамында
қышқылы бар қақ кетіргіштермен, хлоры
бар жеміргіш заттармен, немесе темір
не болат жөкемен тазаламаңыз.
46 electrolux