Electrolux EWG147410W Uživatelská příručka

Stránka 41

Advertising
background image

Зең дақтары:ағартқышпен сүртіңіз де

мұқият шайыңыз (ақ не бояуы тез

шығатын түсті киімдер үшін ғана).

Шөп нілі: аздап ғана сабындап

ағартқышпен сүртіңіз(ақ не бояу тез

шығатын түсті киімдер үшін ғана).

Шарикті қалам не желім: ацетонмен
жібітіңіз

2)

, киімді жұмсақ матаның

үстіне қойып, дақты сіңіріп алыңыз;

Далап: жоғарыда көрсетілгендей

ацетонмен жібітіңіз де, содан соң дақты

этил спиртімен сүртіңіз. Кез келген

қалып қойған дақты ағартқышпен

сүртіңіз.

Қызыл шарап:жуғыш зат салынған суға

жібітіңіз де, сірке не лимон

қышқылымен сүртіңіз, содан соң

шайыңыз. Кез келген қалып қойған

дақты ағартқышпен сүртіңіз.

Сия: сияның түріне қарай алдымен
матаны ацетонмен

2)

, содан соң сірке

қышқылымен жібітіңіз; ақ матада қалып

қойған кез келген дақты ағартқышпен

сүртіңіз де, содан соң мұқият шайыңыз.

Шайыр дақтары: алдымен дақ

кетіргіш, этил спирті не бензинмен

сүртіңіз, содан соң жуғыш

қоймалжыңмен ысқылаңыз.

ЖУҒЫШ ЗАТТАР МЕН ҮСТЕМЕЛЕР
Кірдің жақсы жуылуы сондай-ақ қандай

тазартқыш заттың таңдалғанына жəне

оны ысырап етпей, қоршаған ортаны

қорғау үшін дұрыс мөлшерде

пайдаланылуына да байланысты.

Тіпті биологиялық түрде ыдырайтын

тазартқыш заттардың құрамында да

қоршаған ортаның теңгерімін бұзуы

мүмкін заттар болады.

Жуғыш затты таңдау матаның түріне

(нəзік мата, жүн тоқыма, мақта мата

т.б.), түсіне, жуу температурасына жəне

кірлеу дəрежесіне байланысты болады.

Əдетте кір жуғыш машинада

пайдаланылатын жуғыш заттардың

барлығын да осы құрылғыда қолдануға

болады:

• матаның барлық түрлеріне арналған

ұнтақ жуғыштар

• нəзік мата (ең көбі 60°C) мен жүн

тоқымаларға арналған ұнтақ

жуғыштар

• матаның барлық түрлеріне не тек жүн

матаға арналған, төмен

температурада жуатын

бағдарламаларға (ең көбі 60°C)

арналған сұйық жуғыш заттар.

Жуғыш затты жəне үстемелерді жуу

бағдарламасын бастамай тұрып,

үлестіргіштің тиісті бөліктеріне салу

керек.

Сұйық жуғыш затты пайдаланғанда,

алдын ала жуу функциясы жоқ

бағдарламаны таңдау қажет.

Жуғыш затты өндіруші көрсеткен

мөлшерден асырмай қолданыңыз жəне

оны жуғыш зат үлестіргіштің «MAX»

деңгейінен асырмай салыңыз.

ЖУҒЫШ ЗАТТЫҢ

ПАЙДАЛАНЫЛАТЫН МӨЛШЕРІ
Жуғыш заттың түрі мен қолданылатын

мөлшері киім матасының түрі, салынған

мөлшері, қаншалықты кірленгендігі мен

пайдаланылған судың кермектігіне

байланысты.

Заттың пайдаланылатын мөлшерін

өндіруші нұсқауларына сай анықтап

пайдаланыңыз.

Төменгі жағдайларда жуғыш затты аз

мөлшерде жұмсаңыз:

• аз ғана кір жусаңыз,

• заттар тек жеңіл-желпі кірлесе,

• жуған кезде көбік көп болса.

СУ КЕРМЕКТІГІНІҢ ДЕҢГЕЙІ
Судың кермектігі "деңгей" арқылы

өлшенетін өлшеммен анықталады.

Жергілікті жердегі судың кермектігі

туралы ақпаратты сумен жабдықтайтын

компания не жергілікті əкімшілік

мекемеден алуға болады. Судың

кермектігі орташа не жоғары болса,

өндіруші нұсқауларын əрқашан

орындай отырып су жұмсартқыштан

қосыңыз. Су жұмсақ болса жуғыш

заттың қосылатын мөлшерін қайта

баптаңыз.

2) жасанды жібекті тазалауға ацетонды пайдаланбаңыз

electrolux 41

Advertising